KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
512.32 582.92 6.29

«ADAL» партиясының өкілдері Қазақстанның бірнеше қаласында кездесулер өткізді

24.12.2020, 11:16 356

«ADAL» партиясының экономикалық секторларын дамытудың жаңа идеялары, халықтың әртүрлі санаттарын қолдау жөніндегі ұсыныстары, көпшілікті толғандыратын өзекті проблемалар – мұның барлығы 14 желтоқсан күні партиядан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар өткізген кездесулер барысында талқыланды.


Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Павлодар облысында бірқатар кездесу өтті. Олардың көбі көшелердің бойында және сауда орындарында ұйымдастырылды. Мәселен, Шідерті ауылында болған Олжас Ордабаев пен Ақмарал Бекмырзаева жергілікті тұрғындарға бағдарламаның негізгі тармақтарын көрсетіп, партияның жалпы идеологиясы мен құндылықтары туралы сөз қозғады.

Ауыл тұрғындары науқастардың дәрі-дәрмекпен уақытылы қамтамасыз етілмеуі, сондай-ақ жайылымдық жердің жоқтығы сынды бірнеше мәселемен шағымданды.


Олжас Ордабаев бұл мәселелер партияның бақылауына алынатындығына сендірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу