Өскеменге келген Экология министрі ауа сапасы туралы айтты

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Шығыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапары барысында Экологиялық реттеу және бақылау, Су ресурстары, Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі, Геология комитеттері аумақтық филиалдарының, «Қазсушар», «Қазгидромет» мекемелерінің жетекшілерімен кездесіп, жиын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының зертханасын аралаған министр экологиялық мониторинг мамандарының жұмысымен танысты. Қаладағы атмосфералық ауа сапасын бақылайтын бекеттердің бәрін автоматизациялауға тапсырма берді.
Сондай-ақ М. Мырзағалиев қоғам белсенділерімен, халықпен, БАҚ-пен байланысты күшейте түсу қажеттігін атап өтті.
«Қандай ауамен демаламыз, қандай су ішеміз, бәрі де біздің жұмысымызға байланысты. Сондықтан жергілікті халықпен тұрақты түрде кездесу керек. Пандемия болса да, мұндай жұмыстарды онлайн режимде жалғастыруға болады. Басты міндетіміз - халықпен диалог орнатып, ашық болу»,- деп атап өтті министр кездесу барысында.
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВРєРСвЂВВВВВВ
- Telegram
- Viber