KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Аягөзде карантин талаптарын бұзғандарға жиыны 2 млн теңге айыппұл салынды

23.11.2020, 12:02 247

Аягөз ауданында карантин режіміне байланысты 5 шілдеден бері рейдтік шаралары жүргізілуде. 

Бүгінге дейін салынған айыппұлдардың жалпы сомасы екі миллион теңгеге жуықтайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мониторинг жұмыстарын жүргізетін топтың құрамына аудан әкімдігінің, ішкі саясат, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, полиция бөлімдерінің, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының өкілдері кіреді.

Қыркүйек айында екі мобильді топ мониторингі жасады. Жүргізілген рейд саны – 57. Барлығы 171 нысан тексерілді. Нәтижесінде 25 бұзушылық анықталып, 1 902 930 теңге көлемінде айыппұл салынды. Қоғамдық орындарда бетпердесіз жүріп, карантин талаптарын бұзған тоғыз тұрғынға қатысты хаттама толтырылды. Сондай-ақ «Локомотик» компьютер клубына, «Құс жолы» мейрамханасына, үш рет «Алтын тас» мейрамханасына, «Әлем» тойханасына, «Маржан» дәмханасына, «Ақ ниет» мейрамханасына айыппұл салынды.

Ал қазан айында 77 рейд жасалып, 442 нысанға тексеру жүргізілді. Барлығын қосқанда 2 069 610 теңге көлемінде айыппұл салынды. «1001 түн» мейрамханасына екі рет, «Арлан» дәмханасына үш рет хаттама толтырылды. Сондай-ақ үйде той өткізгендер де ұсталған.

Қазіргі уақытта Аягөз ауданында 7 мониторингтік топ жұмыс жасауда. Бүгінге дейін 38 рейд жасалып, 154 нысан тексерілді. Айыппұлдың жалпы сомасы – 1 125 090 теңге болды.

                                                                             

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив