KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 3 м/с, З
441.41 477.78 4.84

Әкімдердің пилоттық сайлауы: ШҚО тұрғындары сайлауға ерте келіп, белсенді дауыс беріп жатыр

5.11.2023, 11:03 707 Назерке Каримова

Глубокое және Алтай өңірінде аудан әкімдерінің алғашқы сайлауы пилоттық режимде өтуде. Сайлау учаскелерінің біріне тілшіміз барып қайтты.

Алғашқы сайлаушы Мейрамғали Дәрменқұлов учаске ашылмай тұрып сыртта күтіп тұрды. Ол Глубокое ауылындағы №1159 учаскеге өз таңдауын жасауға келді.

- Бүгін барлығымыз үшін өте маңызды күн. Алғаш рет әкімді өзіміз таңдай аламыз. Бұл облыс үшін ғана емес, ел үшін де үлкен оқиға. Ауданымыз жақсы дайындалыпты, тіпті, көңіл-күйді көтеретін жанды музыка да бар. Әркім өзінің азаматтық құқығын пайдаланып, өз таңдауын жасауы керек деп есептеймін! – дейді Глубокое ауданының тұрғыны.

Айта кетейік, мемлекет басшысы биыл қыркүйек айында Қазақстан халқына Жолдауында аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдерінің тікелей сайлауын жариялаған болатын. Глубокое тұрғындары жүргізіліп жатқан реформаларға мұрындық болғанына дән риза екендіктерін жасырмайды.

Біз күткендей, қоғам белсенділері ең жауапты болып шықты.  

№1159 сайлау учаскесінде Аналар кеңесінің төрайымы Роза Әділбаева мен Глубокое аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділқан Забиров ертемен тұрып, өз таңдауын жасап, дауыс берді.

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтардың белсенділігін, Үкіметтің жауапкершілігін арттыру қажеттігін айтып, өзін-өзі басқару саласындағы қызметті кеңейту, халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша бірқатар міндеттер қойды. Енді Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыратын аудан әкімін өзіміз таңдай аламыз. Бұл халқымыз үшін үлкен мүмкіндік. Үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырды, жоспарлары туралы айтты, енді қалғаны бізге байланысты! – дейді Глубокое ауданының тұрғыны Роза Әділбаева.

Учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен және тиісті ақпараттық материалдармен жабдықталған екен.

Тіпті мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да дауыс беруіне жағдай жасалған.

– Аудан әкімдерін сайлау алғаш рет тікелей дауыс беру арқылы өтіп жатыр. Бұл - Жаңа Қазақстанның жетістігі деп білемін. Ауданымыздың қарапайым тұрғындарына қамқорлық жасай білетін адамды таңдаймыз, көп нәрсе әкімнің жұмысына байланысты. Ал біз лайықты әкім таңдаймыз деп сенемін! – деді Әділқан Забиров.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив