Жанна Садықанова: "Қазақстан мемлекеттік басқару жүйесін демократияландыруға ұмтылуда"
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Құқықтану» кафедрасының профессоры қалалар мен аудан әкімдерінің пилоттық сайлауы туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
«Сайлау – қоғамды заманауи демократияландырудың маңызды институты, халықтың еркін ойын білдіру, оның мемлекеттік басқаруға қатысуының негізгі нысандарының бірі. Баршаға мәлім, сонау 2020 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің сайлауын өткізу туралы тапсырма берген болатын. Бұл шешім Мемлекет басшысы 2019 жылы жариялаған «естуші мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың негізгі шараларының бірі болды. Ол жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамытуға бағытталған», - деді Жанна Садықанова.
«Қазір аудан және қала әкімдерінің сайлауы пилоттық режимде өтуде, алдағы уақытта мұндай сайлау барлық жерде өтеді деп күтеміз, бұл Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін демократияландыруға деген ынталылығын көрсетеді», - деді Жанна Садықанова.