Өскемендегі "Халық банк" банкоматтары неге істемей тұрады осы?
«Халық банкінің» ЖМК (КШТ) тұрғын ауданындағы «Океан» сауда үйінің бірінші қабатына қойылған банкоматы қыстан бері үнемі істемей тұрады, сондықтан осы маңайдағы үйлер тұрғындары «Достық» базарына сабылуға мәжбүр. Сұрағым, банк әкімшілігі банкоматты неге жөндемейді?
Нұрлан Нұржанұлы,
Өскемен
Сауалға «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Николай Нечепуренко жауап береді:
– КШТ-дағы «Океан» сауда үйінің бірінші қабатына орнатылған банкомат қазіргі уақытта толық іске қосылған және штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
«Қазақстанның Халық Банкі» АҚ тарапынан банкоматтардың жұмыс істеу мүмкіндігіне тәуліктік мониторинг жүргізіледі. Мониторинг мәліметтеріне сәйкес ағымдағы 2019 жылдың басынан 30 сәуір аралығында аталған банкомат бойынша жұмыс істемеу фактісі тіркелмеген.
Қосымша айтарымыз, жабдықтардың жұмыс істемей қалуының алдын алу мақсатында әр банкомат мезгіл-мезгіл жөндеуден өтіп тұрады. Қазіргі уақытта Өскеменде Банктің 120-дан астам банкоматы болса, соның 12-сі тек ЖМК ауданында орнатылған.
Егер банкоматтың немесе Банк қызметінің басқа да мәселелеріне қатысты сауалдар туындаған жағдайда клиенттер 7111 телефоны бойынша call-орталыққа жүгіне алады.