KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 2 м/с, З
504.49 587.73 6.57

Құқықтық сауаттылық: сотқа құрметсіздік танытқандар үшін қандай жаза қарастырылған?

Бүгін, 14:30 90 Ержан Әбіш

Сот билігінің беделін қорғау – құқықтық мемлекеттің басты талаптарының бірі. Әкімшілік кодекстің 424-ші бабында сотты құрметтемеу әрекеттері үшін нақты жауапкершілік көзделген. Сот процесіндегі тәртіпті бұзу, судья талаптарына бағынбау немесе сотқа тіл тигізу тек жеке құқық бұзушылық емес, қоғамның құқықтық мәдениетіне нұқсан келтіретін әрекет ретінде бағаланады.

Қоғамның құқықтық мәдениеті мен заң үстемдігін қамтамасыз етуде сот жүйесіне деген құрмет ерекше маңызға ие. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 424-ші бабы сотты құрметтемеу әрекеттері үшін жауапкершілікті нақты айқындайды. 

Сотты құрметтемеу дегеніміз не? Бұл ұғымға сотты немесе судьяны қорлау, сот отырысындағы тәртіпті бұзу, төрағалық етуші судьяның заңды талаптарына бағынбау, сот процесіне қатысушыларға тіл тигізу секілді әрекеттер жатады. Мұндай әрекеттер тек жеке тәртіп бұзушылық емес, сонымен қатар мемлекеттік биліктің бір тармағына – сот билігіне деген құрметсіздікті білдіреді. 

Жауапкершілік шаралары туралы айтар болсақ, заң бойынша мұндай әрекеттер үшін ескерту жасалуы, айыппұл салынуы немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылған. Бұл жазалар тәртіп бұзушылықтың ауырлығына және соттың шешіміне қарай тағайындалады. 

Соттың беделі мен әділдігіне деген сенім – құқықтық мемлекеттің негізі. Азаматтардың сот процесі кезінде өзін лайықты ұстауы – тек заң талабы ғана емес, сонымен қатар қоғамның мәдениеттілігін көрсететін фактор. 

Сотты құрметтеу – азаматтық міндет. Әрбір адамның сот жүйесіне деген адал көзқарасы мен тәртіптілігі әділ сот төрелігінің жүзеге асуына тікелей ықпал етеді. 

Анар Белгібаева,
Өскемен қаласы мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің бас маманы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу