KZ
Өскемен
-15°
туман жел 1 м/с, С
499.22 519.14 5.64

Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз қоғамның кепілі

pexels.com

26.02.2025, 18:00 169 Гульжан Мусина

Қоғамның тұрақтылығы мен дамуы әрбір азаматтың заңдарды білуі мен оларды құрметтеуіне тікелей байланысты. Құқықтық сауаттылық – құқық бұзушылықтың алдын алудың негізгі шарттарының бірі. Егер адамдар өз құқықтары мен міндеттерін жетік меңгерсе, заңсыздықтардың азаюы сөзсіз.

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру ең алдымен білім беру жүйесінен басталады. Мектептер мен жоғары оқу орындарында құқықтық білім беруді күшейту, жастарға заңдарды түсінікті тілде түсіндіру, оларға құқықтық нормаларды күнделікті өмірде қолдану дағдыларын үйрету маңызды. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы құқықтық ақпараттарды кеңінен тарату қоғамның құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

Құқықтық сананың қалыптасуына отбасындағы тәрбие де үлкен әсер етеді. Балалар мен жасөспірімдерге адалдық, әділеттілік, жауапкершілік секілді құндылықтарды сіңіру олардың болашақта заң талаптарына сай әрекет етуіне көмектеседі. Ата-аналарға құқықтық білім берудің маңыздылығы зор, өйткені құқықтық мәдениеттің алғашқы баспалдағы – отбасы.

Халыққа тегін құқықтық кеңес беру жүйесін дамыту да маңызды мәселелердің бірі. Әсіресе әлеуметтік осал топтарға заңгерлік көмек көрсету олардың құқықтарын қорғауға және заңсыздықтардың алдын алуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары мен халық арасындағы сенімді қарым-қатынас орнату, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету құқықтық сауаттылықтың артуына ықпал етеді.

Құқықтық сауатты азамат – қауіпсіз қоғамның негізі. Егер әр адам өз құқығын біліп қана қоймай, оны құрметтесе және заңды сақтауға тырысса, қоғамда әділеттілік пен тәртіп орнайды. Бұл мемлекет дамуының да басты көрсеткіштерінің бірі.

Өскемен қаласының 
мамандандырылған тергеу соты
әкімшісінің бас маманы
Кусаинова Айжан

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу