KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 5 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Зайсандағы сот: Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапқа тартылды

22.01.2020, 16:16 150

ШҚО Полиция департаменті Зайсан ауданындағы сот ғимаратында қоғамдық тәртіпті  бұзған азаматтарға қатысты қандай шара қолданылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілішісі.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  ШҚО, Зайсан қаласында 20 қаңтар күні Қытай Халық Республикасының азаматтарына қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот процесінде  қоғамдық тәртіпке қарсы іс-әрекеттер тіркелген.

«Сот барысында  залда 30 адам, ғимараттағы қосымша залда тағы 28 адам жүрді, олардың кейбірі  сот шешімін далада күтті. Сондай-ақ, бірқатар азаматтар қалыптасқан жағдайдың шырқын бұзып, сот процесіне кедергі келтірмек болды. Олар  полиция қызметкерлерінің  қоғамдық  тәртіпті бұзбау туралы бір емес, бірнеше ескертулеріне де  құлақ аспаған. Осыған орай  шақырылған қосымша  полиция нарядының көмегімен қоғамдық тәртіп қалпына келтірілді», деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары қызметкерінің, сондай-ақ қоғамдық тыныштық сақшыларының  заңды талаптарына бағынбағандары үшін заң бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар билік өкіліне тіл тигізу, балағаттау  фактісі бойынша  ҚР ҚК 378 бабының, 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу