KZ
Өскемен
-27°
туман жел 1 м/с, В
515.31 533.96 5.3

Заң үстемдігі – тұрақты мемлекеттің кепілі

pexels.com

Бүгін, 18:30 69 Төлеуғазы Жансая

Қоғамда заң не үшін қажет деген сұрақ туындайды. Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін белгілі бір ережелер мен заңдар қажет. Әр адам өз әрекетін толықтай басқара алмайды, сондықтан қоғамда реттеу механизмдері болуы керек. Заңдар мен тәртіп ережелері адамдардың бірлесіп өмір сүруін жеңілдетіп, үйлесімділік қалыптастырады. Егер тәртіп болмаса, қоғамда тұрақсыздық орнап, үйлесімділік бұзылады.

Еркіндік – әрбір адамның қажеттілігі, ал тәртіп – қоғамның негізі. Бұл екі ұғым өзара тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырады. Еркіндік пен тәртіп тепе-теңдікке келгенде ғана қоғам дамып, адамдар өзін қауіпсіз әрі бақытты сезінеді.

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңесте «Заң және тәртіп» қағидатын қоғамның идеологиялық және саяси негіздерінің бірі ретінде атап өтті. Бұл жаңа қоғамдық келісімнің маңызды қағидаларының бірі болып табылады.

Заңдар мен ережелер қоғамның дұрыс жұмыс істеуінің негізі саналады. Олар адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеп, тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Егер заң болмаса, анархия орнап, әркім өз қалауынша әрекет етер еді. Құқық бұзушыларды жазалайтын заң жүйесі болмаса, қылмыс пен заңсыздық көбейіп, қоғам әлсірейді. Сондықтан заң мен тәртіп – өзара ажырамас ұғымдар.

Тәртіп – бұл қоғамда қалыптасқан құқықтық және моральдық нормаларға сәйкес адамдардың мінез-құлқы. Ол заңдылықтан да кең ауқымды қамтиды, себебі тек құқықтық талаптарды ғана емес, басқа да әлеуметтік нормаларды сақтауды көздейді.

Заң әділеттілік орнатып, адамдардың мінез-құлық шекарасын айқындайды. Тәртіпті қамтамасыз ету үшін мемлекет қолданыстағы заңдардың сақталуын бақылап, құқық бұзушыларды жазалауы қажет. Қоғамдық тәртіп – заңдылықтың нақты көрінісі.

Тәртіп – белгілі бір ережелерді орындау және қоғамда қалыптасқан қағидаларға бағыну. Заңдылық пен тәртіп мәдениет деңгейімен тығыз байланысты. Құқықтық мәдениет – қоғамның рухани дамуының көрсеткіші. Заңдылықты нығайту үшін мәдениетті дамыту қажет.

Ақыр соңында, заңға бағынбау мемлекет пен жеке адамға үлкен зиян тигізуі мүмкін. Сондықтан қоғамда заң мен тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

Заң консультанттары палатасының

заң консультанты

Гүлжан Берикполова 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу