KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Жыл басынан бері 10 мыңға жуық мопедистке айыппұл салынды

Фото: mk-kz.kz

20.05.2024, 22:22 128 Айжанат Бақытқызы

10-20 мамыр аралығында Қазақстан бойынша «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасының бірінші кезеңі өтіп, соған байланысты жолдағы жағдайды бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанда 10 мыңға жуық мопедист әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Әкімшілік полиция комитетінің ақпараты бойынша, заңбұзушылықтардың басым бөлігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысына өзге де қатысушылардың қозғалыс ережелерін бұзуы» бабына сәйкес келеді.

Бұл заңбұзушылық үшін екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған, ол 7 384 теңге болады. Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда айыппұл 10 АЕК, яғни 36 940 теңгеге дейін өседі.

Мопед жүргізушілері де Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу» бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл бапты бұзу ескерту жасауға немесе 3 АЕК (11 076 теңге) көлемінде айыппұл салуға себеп болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив