KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Шығыста Ұлттық ұланның басты әскери тәрбиешісі тағайындалды

30.03.2023, 10:22 333

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен  және Ішкі істер министрінің бұйрығымен   полковник Салихбаев Атабек Қуандықұлы Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

Полковник Атабек Салихбаев   взвод командирінен бастап  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тәрбие басқармасы бастығы лауазымына дейінгі барлық әскери қызметтерді өткен, сонымен қатар,  ҰҰ Әскери академиясының тәрбие жұмысын басқарған.

 

Шығыс өңірінде Ұлттық ұланның басты әскери тәрбиешісін  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамына таныстыру үшін  ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы – полковник Қайрат Үмбетов арнайы келді. 

Кайрат Жарылғасынұлы бұған дейін лауазымдық міндетті  атқарған  полковник Берік  Тоқтаровты қызметтегі жоғары кәсібилігі мен  артылған сенімді ақтағаны үшін алғысын білдіріп, тағайындалған  офицерлерге  жаңа қызметтік орында сәттілік тіледі.

 

Бағдат Амангелді,

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі бастығы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив