Қазақстандықтар үшін ең көп демалыс алдағы мамыр айында
Фото: ашық дереккөз
Дәлірек айтсақ, ел тұрғындары көктемнің соңғы айының үштен бірін жұмыста емес, өз үйлерінде демалыспен өткізбек.
Әдеттегідей мамыр айында Қазақстан Республикасында үш мемлекеттік мереке атап өтіледі. Олар: Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесі. Солардың арқасында қазақстандықтар жалпы 11 демалыс күніне сене алады, деп хабарлайды, Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Сонымен, 1 мамырдағы ынтымақ мерекесінде қазақстандықтар мына күндері демалады:
* бес күндік жұмыс аптасында – үш күн қатарынан 29, 30 сәуір (сенбі, жексенбі) және 1 мамыр (дүйсенбі);
* алты күндік жұмыс аптасында – екі күн: 30 сәуір (жексенбі) және 1 мамыр (дүйсенбі).
Содан кейін Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні:
* бес күндік жұмыс аптасында бізді төрт күн қатарынан демалыс күтеді – 6, 7, 8, 9 мамыр (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);
* алты күндік жұмыс аптасында – үш күн қатарынан: 7, 8 және 9 мамыр (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі).
Бұған дейін елімізде 8 наурыз және Наурыз мерекелері атап өтілетін наурыз айында қазақстандықтардың төрт мереке күні болғаны белгілі.