KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

Тарбағатайда медпункт ғимараты жөнделді

20.11.2023, 21:41 180 Қызырбек Дүргінбайұлы

Медицина саласын, соның ішінде ауыл медицинасын дамыту - мемлекеттің басты мақсаттарының бірі.

Биыл Тарбағатай ауданының бірнеше ауылында медпункт ғимараттарын жөндеу жұмысы басталған болатын, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

Тарбағатай ауданының әкімдігі Шолақорда ауылында «Ауылдық медицинаны жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медпункт ғимаратының құрылыс жұмысы толықтай аяқталғанын хабарлады. Медпункт қазіргі уақытта барлық қажетті құралдармен  жабдықталып жатыр. 

– Биылғы жылы Тарбағатай ауданының Ахметбұлақ, Жаңаталап, Шорға, Қазақстан, Ақмектеп ауылдарында 6 медпункт құрылысы басталған болатын. Келесі жылы тағы да 3 ауылға дәл осындай заманауи медпунктер салынатын болады, – деп жазды Тарбағатай ауданы әкімдігі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Сонымен қатар, Құйған және Тәуке ауылдарының медициналық ғимараттарына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив