Суреттер сөйлейді: Өскеменде AI-AR көрме ашылады
Фото: Ынтымақ Толқын
Өскемендегі О.Бөкей атындағы қалалық кітапханада AI-AR көрме ашылмақ.
QR-кодты сканерлесе жан бітетін суреттер оқырмандарды Оралхан Бөкейдің шығармаларымен жақын таныстырады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Заман ағымына үйлестіре жасалған көрмеге ҚР Суретшілер одағының мүшесі, дарынды жерлесіміз Болат Исиннің және Қазақ КСР еңбек сіңірген суретші Бақы Урманченің жазушы Оралхан Бөкейдің шығармалары бойынша салған көркемөнер туындылары қойылған.
Көрмеге 19 сурет қойылған. Оқырмандар QR-кодты сканерлеу арқылы туынды туралы ақпарат алып, жазушы шығармаларынан үзінді де тыңдай алады.
Айта кетелік, 8 ақпанда заманауи технологиямен астасқан жаңа көрменің ресми ашылуы өтпек.