Су басқан өңірлердегі балалар «Дарын» және НЗМ мектептерінде оқиды
Сурет: gov.kz
ҚР Премьер-министрі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Үкіметте су тасқыны жағдайына байланысты эвакуациялық орталықтарға орналастырылған балалармен жұмыс істеу алгоритмі жасалды. деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен су тасқыны салдарын жою шаралары бойынша кеңесте вице-премьер Тамара Дүйсенова бұл механизмдер туралы толығырақ айтып берді.
Қазір 115 оқушы білім алатын 130 қазақстандық мектепте оқу процесі қашықтан жүріп жатыр. Эвакуациялық орталықтардағы балалар келесідей бөлінуде:
- Бастауыш сынып оқушылары (1-4 сыныптар) (207 бала ата-аналарымен бірге) оқу процесін толық ұйымдастыра отырып, сауықтыру орталықтарына (лагерьлерде) орналастырылады.
- 5-8 сынып оқушылары (1 577 бала) «Дарын», БИЛ, НЗМ мектеп интернаттарына орналастырылады.
- Жоғары сынып оқушылары (9-11 сыныптар) (213 бала) колледждер мен жоғары оқу орындарына уақытша орналастырылады.
Вице-премьер міндет су тасқыны және қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін балаларды оқумен және жазғы демалыспен қамтамасыз ету екенін атап өтті.