KZ
Өскемен
+7°
туман жел 2 м/с, СШ
485.11 523.82 5.02

Іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды – ШҚО

Фото: news-front.su|

10.04.2024, 16:25 105 Жанаргүл Мұқатай

Облыстық прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының қылмыстық қудалау органдарымен бірге атқарған жұмыстарының нәтижесінде, өткен үш айда іздеудегі қылмыскерлердің саны 35%-ға (20-дан 13 фактіге дейін) азайды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.


Бірнеше жылдан бері іздеуде жүрген 15 қылмыскер,  осы жылдың басынан бері іздеуде болған 7 тұлға,  барлығы іздеуде жүрген 22 тұлға  ұсталды.

Облыс прокуратурасының тексеруі кезінде ақпараттық жүйелер арқылы ұрлық жасағаны үшін сот үкімі бойынша жазасын өтеуден жалтарып, пробация қызметінің іздеуінде болған Михайловтың қолданып жүрген телефон нөмірі анықталған.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2022 жылдың 14 ақпанында Михайлов Алматы қаласында ұсталып, жазасын одан әрі өтеуге жіберілді.

Сонымен қатар, осы жылдың наурыз айында прокуратура Шығыс Қазақстан облысы полиция Департаментімен бірлесіп жүргізген рейдтік іс-шаралар барысында іздеуде жүрген 4 қылмыскер мен хабар-ошарсыз  жоғалып кетті деген 5 адам табылып, ұсталды.

Қылмыскерлерді іздестіру және ұстау жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив