KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Риддер ЖЭО-да кешенді жөндеу жұмыстары басталды

13.05.2024, 15:00 129 Қуаныш Рахметоллаұлы

Риддер ЖЭО жылу маусымын сәтті аяқтады. Мамандар енді жөндеу жұсыстарына кірісіп жатыр. Қазандықта жылу шығындарына арналған гидравликалық сынақтар жүргізілуде. Сынақ нәтижесінде жөндеу жоспарына кіретін проблемалық аймақтар анықталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мердігер ұйым циркуляциялық су құбыры учаскесі, алтыншы қазандық және үшінші басқару жүйесіндегі жұмыстарды атқаруда. Қазандықтар мен қосалқы жабдықтарды, қыздыру беттерін, экономайзерлерді және су жылытқыштарды жөндеу жоспарда бар. 55 учаске бойынша 18,9 шақырым жылу құбыры жөнделеді.

– Қазандықтағы турбиналық жабдықта жылу желілерінің проблемалық учаскелерінде күрделі жөндеу жүргізу көзделіп отыр. Барлық жұмыстар кесте бойынша жүргізіледі. 14 мамырдан бастап қызметкерлер саны артады. Жалпы, жөндеуге 500-ге жуық адам тартылады, – деді жылу орталығындағы бас инженердің орынбасары Кирилл Голота.

10 мамырдан бастап қалада ыстық су беру тоқтатылды. Енді 30 тамыз қосылады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, жылыту маусымына тұрғын үйлерді алдын ала дайындау қажет екенін атап өтті.

– Қалада жаңғыртудан өтпеген үйлер бар. Тұрғындар пәтер салқын деп шағымданды. Оларға жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жұмыстарды көрсету керек, – деді өңір басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Риддер ЖЭО 1956 жылы салынған. Өткен жылы бірнеше апаттан кейін жылу көзі маусымға өте қысқа мерзімде дайындалды. Енді жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жүргізіледі. Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 8 млрд теңге бөлінген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив