KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Риддерде жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары басталды

12.05.2024, 12:00 167 Назерке Каримова

Риддер қаласында 10 мамырдан бастап ыстық су өшірілді.

Қысты күні тұрғындардың пәтері суық болмас үшін Риддер ЖЭО-дағы жылу жүйелері мен құрылғыларды жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Риддер қаласы әкімінің орынбасары Мұрат Байжұменовтің сөзінше, ыстық су 30 тамызда қайта беріле бастайды.

Жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстары жоспар бойынша басталды. Өткен жылы басталған жұмыстар биыл жалғасын табуда. Өткен жылы жөнделмеген қазандық агрегаттарын, турбогенераторларды, қосалқы жабдықтарды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Мұрат  Байжұменов осы маусымда 55 учаскеде шамамен 18,9 шақырым құбыр ауыстырылатынын айтты.

Жылу желілеріндегі гидравликалық сынақтар аяқталуда. Оның нәтижесінде проблемалық аймақтарды анықтауға болады.

Қазір Риддер ЖЭО-да «ДИМ Строй» ЖШС мердігер компаниясы кәсіпорындағы су айналымын қамтамасыз ететін учаскені жөндеп жатыр.

"Риддер ЖЭО" бас инженерінің орынбасары Кирилл Голотаның айтуынша, биыл ЖЭО қазандық турбиналық жабдықтарын жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттен 5,5 млрд теңге және жылу желілерін жөндеуге 2,6 млрд теңге бөлінген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу