KZ
Өскемен
+27°
небольшая облачность жел 4 м/с, СШ
474.83 515.38 5.5

Білім гранттарының тізімі жарияланды

көрнекілік сурет: stock photo

15.05.2024, 17:22 101 Айжанат Бақытқызы

Жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған гранттар тізімі жарияланды. Биыл жоғары оқу орындарына 112 мың грант бөлінген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді: 19 344 грант.

Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 13 735 грант,

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» – 10 903 грант,

«Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 8 288 грант тиесілі.

Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» білім беру бағдарламасы бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген.

Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 903 грант бөлінген.

«Серпін» жобасы арқылы 4 даярлау бағыты бойынша білім алуға болады. Атап айтсақ, педагогикалық ғылымдар, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түсе алады.

Бағдарламаға оңтүстік өңірдегі ауыл жастары қатысады. Айта кетсек, оқу бітіргесін грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылып, өтеу орны 11 аймаққа ұлғайтылды.

Гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар, оның ішінде гранттар Атырау және Маңғыстау облысы түлектеріне арналған.

Жалпы, бакалавриатқа түсу үшін 2024-2025 оқу жылында 79 мыңға жуық грант бөлінді.

Магистратураға түсуге 13 мыңға жуық, докторантураға түсуге 1 900 астам грант бөлінген.

2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын  бөлудің толық тізімі ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив