Әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау тегін болады
Фото: donmed.clinic
МӘМС сақтандыру мәртебесіне қарамастан, әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау тегін болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бұл жаңалық халықтың осы тобы үшін медициналық көмекке қолжетімділікті кеңейтеді, сондай-ақ медициналық көмекті уақтылы алуға және патологияларды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді.
«Егер қазір сақтандырылмаған азаматтарға тек туберкулезге және АИТВ инфекциясына күдік болған жағдайда ғана қызметтер қолжетімді болса, нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін диагностика онкологиялық ауруларға, созылмалы В және С гепатиттеріне және психикалық ауруларға күдік болған кезде қолжетімді болады»,-деп хабарлады ведомство.
Оқи отырыңыз