ШҚО-да медициналық көмек көрсетуге 91 миллиард теңге бөлінді
ШҚО-ның әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында 2024 жылға арналған медициналық көмекті сатып алу рәсімдері басталды.
Елімізде тегін көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтерге 2024 жылы 2,8 триллионнан астам теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кету керек, тегін көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша және МӘМС бойынша жүйесінде қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдер 1-4 желтоқсаннан 11-12 желтоқсанға дейін қабылданады.
Медициналық ұйымдар денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу веб-порталында жоспарланған көлемдерге өтінім бере алады. Онда әр аймақ бойынша жарнамалармен танысуға болады.