KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО тұрғынынан синтетикалық есірткі тәркіленді

Фото: ШҚО ПД

22.05.2024, 12:13 153 Қызырбек Дүргінбайұлы

Ірі көлемдегі синтетикалық есірткіні үйінде сақтап, таратумен айналысқан 20 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары күдіктіден синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі.

– Күдіктінің пәтерінен полиция қызметкерлері таблеткалар мен ұнтақ заттар салынған бірнеше целлофан пакетті тапты. Атап айтқанда, 960 грамм мефедрон, 50 грамнан астам экстази, "соль" деген атпен белгілі 70 граммнан астам "Альфа-PvP" есірткі заты тәркіленді. Мефедронның бұл мөлшері 3200-ден астам өлімге әкелетін бір реттік дозаны өндіруге жеткілікті, – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті мүлкі тәркіленіп, 10-нан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу