KZ
Өскемен
+2°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Алтай ауданының тұрғынынан есірткі заттары тәркіленді

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

16.08.2023, 14:19 274 Ләззат Қанатқызы

Алтай ауданының полиция қызметкерлері «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында өз үйінде есірткі заттарын сақтаған Алтай ауданының тұрғынына қатысты жедел ақпарат алған.

Күдіктінің үйін жедел тінту барысында ақпарат расталып, ұнтақ пен түйіршік түріндегі зат салынған 10 полимерлі пакет, сондай-ақ орауға арналған заттар мен өлшеуге арналған таразы, изолента және пакеттер табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат салмағы 145, 76 грамм болатын "Альфа-pvp"  және салмағы 124, 13 грамм "мефедрон" психотроптық заты екені анықталған.

  Алынған психотроптық заттардың жалпы салмағы 269,89 грамды құрады. Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Айта кету керек, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу