KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 2 м/с, ОШ
467.29 501.03 5.35

Қазақстанда жаңа полиция бөлімшелері құрылды

Фото: polisia.kz

24.05.2024, 20:11 85 Айжанат Бақытқызы

«ҚР Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкіметтің 2024 жылғы 20 мамырдағы қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, мыналар құрылды:

  • «ҚР Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті Алатау қаласының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  • «ҚР Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Үлкен Нарын ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  • «ҚР Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Марқакөл ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  • «ҚР Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаментінің Мақаншы ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  • «ҚР Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаментінің Жаңасемей ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  • «ҚР Ішкі істер министрлігі Абай ауданының Полиция департаментінің емханасы бар госпиталь» мемлекеттік мекемесі.

Жоғарыда аталған мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін ұстауға және жергілікті бюджетке көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылатыны анықталды.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив