KZ
Өскемен
-4°
туман жел 1 м/с, С
497.89 525.12 5

Өскемен-Үржар рейсі: Алакөлге ұшақпен де барамыз

Фото: funik.ru

3.06.2024, 16:43 133 Айжанат Бақытқызы

ШҚО тұрғындарының Алакөл жағалауына жетуі үшін «Оңтүстік аспаны» әуе компаниясы 17 маусым мен 28 тамыз аралығында аптаның бірінші күндері «Өскемен-Үржар» коммерциялық рейстерін ұйымдастыратын болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпараты бойынша, Өскемен әуежайынан ұшу уақыты сағат 9-да, Үржар ауылының әуежайына келу уақыты сағат 10-да.

Үржар ауылының әуежайынан ұшу уақыты - 10:40, Өскемен әуежайына келу уақыты - 11:40.

Билеттер Hisky.kz сайтында және ал ресми түрде «Оңтүстік аспаны» әуе компаниясының сауда нүктелерінде сатылады.

Әуе компаниясының анықтама қызметі: 8 (7252) 920-450.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу