Жаңа жыл қарсаңында Шығыс Қазақстанда «Береке Fest» акциясы жалғасады
Шығыс Қазақстанда 31 желтоқсанға дейін «Береке Fest» республикалық акциясы жалғасатынын жариялады. Бұл науқанға еліміз бойынша шамамен 80-ге жуық ірі және өңірлік сауда желілері қатысуда, деп хабарлайды Altainews.kz ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл бастама еліміздің барлық өңірін қамтып, ең алдымен, халық тұтынатын негізгі тауарлардың бағасын тұрақтандыруға, отандық тауар өндірушілерді қолдауға және қазақстандық өнімнің халыққа қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Осыған дейін аталған бастаманы Сауда министрлігі қыркүйек-қазан айларында да ұйымдастырғанын айта кету керек.
Бағаның төмендеуі сауда желілерінің сауда үстемесін азайтуы мен фермерлер мен сауда орындары арасындағы тікелей байланыстарды жолға қою нәтижесінде мүмкін болды. Бұл - делдалдарды айналып өтіп, өнімнің тікелей жеткізілуіне жол ашты. Айта кету керек, осы бастама аясында сауда желілері сауда үстемесін төмендетіп, нәтижесінде тек отандық өнімдер ғана емес, сонымен қатар импорттық тауарлар да жеңілдікпен ұсынылуда.
Акция ассортименті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қамтиды.
Акция шеңберінде ірі сауда желілерінде қазақстандық өндірушілердің өнімдері үшін арнайы промо-аймақтар ұйымдастырылған. Акцияның негізгі мақсаттары - отандық өнімдерді ілгерілету, сауда желілері мен жергілікті жеткізушілер арасындағы тұрақты кооперацияны дамыту. Сонымен қатар, акция ішкі сұранысты ынталандыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.
Акцияға қатысатын барлық сауда нүктелері бірыңғай стильде безендірілген. Бұл тұтынушылардың сауда кеңістігінде еркін бағдар алуын жеңілдетіп, өнімдердің қолжетімділігі мен жергілікті өндірісіне ерекше назар аударуға мүмкіндік береді.