KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Адал еңбекке – айрықша құрмет: Шығыс Қазақстанда жыл үздіктері марапатталды

29.12.2025, 16:45 114 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстанда жыл қорытындыланып, өңірдің дамуына күн сайын маңдай терімен үлес қосып жүрген еңбек адамдары салтанатты түрде марапатталды. Әр салада өз ісіне адалдық танытып, кәсібилігімен ерекшеленген жүзге жуық шығысқазақстандық мемлекеттік және ведомстволық наградаларға, сондай-ақ «Өз саласының үздігі» номинациясы бойынша арнайы марапаттарға ие болды, деп хабарлайды Altainews.kz.

Марапатталғандар қатарында әлеуметтік сала қызметкерлері, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мамандары, ұстаздар мен дәрігерлер, орман шаруашылығы мен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері, көлік, бизнес және спорт саласында табанды еңбек етіп жүрген азаматтар бар. Олардың әрқайсысы өңірдің тұрақты дамуына, қоғам игілігі жолындағы нақты істерімен үлес қосып келеді.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов адал еңбек пен жоғары жауапкершіліктің мемлекет дамуы үшін шешуші мәнге ие екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі айтып келе жатқан адал еңбек, кәсібилік пен жауапкершілік – бүгінгі ел дамуының берік тұғыры. Құрметті жерлестер, сіздердің өз істеріңізге деген жанашырлықтарыңыз бен табандылықтарыңыз өңіріміздің өсіп-өркендеуіне, жаңа биіктерді бағындыруына зор серпін беріп отыр, – деді аймақ басшысы.

Шара соңында облыс әкімі марапат иелеріне ортақ іске қосқан елеулі үлестері үшін алғыс білдіріп, алдағы жылы да табысты еңбек, толағай жетістіктер тіледі.


Фото: ШҚО әкімдігі 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу