KZ
Өскемен
-5°
небольшой снег жел 6 м/с, ОШ
503.35 590.63 6.62

Бизнеске арналған AI Corporate оқыту бағдарламасы іске қосылады

29.12.2025, 18:00 159 Ержан Әбіш

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі отандық бизнесті ауқымды цифрлық трансформациялауға бағытталған AI Corporate атты жаңа корпоративтік оқыту бағдарламасын іске қосады. Бағдарлама компания қызметкерлерін күнделікті жұмыс барысында жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдануға үйретуге арналған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жоба Astana Hub және тәуелсіз Blockchain and AI Technology Center (BAITC) зерттеу институтымен бірлесіп жүзеге асырылады. Оқыту курсы базалық ЖИ-дағдыларын меңгеруден бастап, жасанды интеллектті бизнес-процестерде сенімді әрі жүйелі қолдануға дейінгі толық маршрутты қамтиды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – компанияларда заманауи цифрлық мәдениетті қалыптастыру және барлық деңгейдегі қызметкерлердің ЖИ-сауаттылығын арттыру. Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, жасанды интеллект өнімділікті арттырып, басқарушылық шешімдердің сапасын жақсартуы тиіс, ал кадрларды даярлау экономиканың бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты факторлардың бірі болып саналады.

AI Corporate бағдарламасы алдын ала техникалық дайындықты талап етпейді және практикалық бағытта құрылған. Оқыту барысында қатысушылар құжаттармен жұмысты автоматтандыруды; іскерлік коммуникацияларды оңтайландыруды; деректерді жедел іздеу мен талдауды меңгереді.

Оқыту форматы оффлайн сабақтарды және бизнестен шақырылған сарапшылар қатысатын жабық вебинарларды қамтиды. Сарапшылар компанияларда ЖИ енгізудің нақты тәжірибелерімен бөліседі. Бағдарлама 50 мыңнан астам адам қатысқан AI Qyzmet жобасының табысты тәжірибесіне сүйеніп, оны терең әрі жүйелі деңгейде дамытады.

Astana Hub басқарушы директоры Валерия Тёның айтуынша, корпоративтік деңгейде ЖИ оқыту – нарық дамуының келесі кезеңі. Оның сөзінше, AI Corporate компанияларға жасанды интеллектті нақты бизнес-процестерге кезең-кезеңімен енгізуге мүмкіндік береді.

Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар сертификат алады, ал компаниялар операциялық тәуекелдерді төмендетіп, бизнес тиімділігін арттыруға арналған практикалық құралдарға қол жеткізеді.

Қазіргі таңда AI Corporate бағдарламасының пилоттық легіне қатысу үшін компаниялардан өтінім қабылдау ашық. Өтінімдерді 15 қаңтарға дейін BAITC және Astana Hub платформаларындағы онлайн тіркеу формасы арқылы беруге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу