KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 2 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Қазақстандағы мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері аталды

Фото: gov.kz

19.06.2024, 11:11 94 Анель Слямғазықызы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде шамамен 289 миллиард теңге төленгенін хабарлады, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биыл жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері:

  • 1 топ үшін – 95 496 теңге;
  • 2 топ үшін – 76 397 теңге;
  • 3 топ үшін – 52 089 теңге.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 541,8 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 198,2 мың адамды құрайды.

"Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады", - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады.

"Мәселен, 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 93,7 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал 62,8 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды", - делінген хабарламада.

Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ке әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу