KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Шығыс Қазақстанда жұмыссыздар саны қанша?

Фото: qazaly.kz

24.07.2024, 09:09 129 Нұржан Кенжеұлы

2024 жылдың бірінші тоқсанында Шығыс Қазақстандағы жұмыссыз халықтың саны 17 384 адамды құраған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ерназ Нұрланов мәлім етті.

Оның айтуынша, облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,6% шамасында болды. Ол, сонымен қатар, аймақта шағын бизнес субъектілері санының артқанын да хабарлады.

Белгілі болғандай, облыстағы шағын бизнес субъектілерінің саны 12 084 бірлікке жетті (барлық тіркелгендер санының 80,7%-ы). Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 0,2%-ға көп.

– Шілденің басындағы жағдай бойынша облыста тіркелген заңды тұлғалар саны 14 982 бірлікке жетті және 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,6%-ға артты. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 11 519 бірлікті құрады. Бұл – тіркелгендер санының 76,9%-ы, – дейді Е.Нұрланов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив