ШҚО-да орташа жалақы мөлшері қанша?
ШҚО-да 2022 жылғы 4 тоқсанда есептелген орташа жалақы мөлшері 323726 теңгені құрады.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ШҚО бойынша департамент басшысы Нұрланов Ерназ айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ал, облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8% шамасында қалыптасқан. Облыстағы жұмыссыз халықтың саны 18479 адамды құрап отыр.
- 2022 жылғы 4 тоқсанда жұмыскерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы (шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) 323726 теңгені құрады. 2021 жылғы 4 тоқсанға қатысты алғандағы өсім қарқыны 20,5%-ға тең. Өткен жылғы сәйкес кезеңге қатысты алғандағы нақты жалақы индексі 100,8%-ды құрады. Республиканың басқа өңірлерінің ішінде 2022 жылғы 4 тоқсанда еңбекақы деңгейі бойынша біздің облыс 6-шы орынды иеленді, - деді Ерназ Нұрланұлы.
2022 жылғы 4-тоқсан қорытындысы бойынша облыста орташа айлық жалақының мөлшері өткен тоқсанмен салыстырғанда 19,5%-ға (3 тоқсанда 270968 теңге) артқан.