KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да халық саны бір жылда 2794 адамға азайды

21.02.2023, 10:37 513 Ләззат Қанатқызы

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқының саны, 2021 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындысын ескерсек, 730,2 мың адамды құрады.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ШҚО бойынша департамент басшысы Нұрланов Ерназ айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жалпы облыс бойынша 483,3 мың адам қала тұрғындары болса, 246,9 мың адам ауылда тұратын көрінеді.

Сонымен қатар, департамент басшысы 2022 жылғы 1 қаңтардан бергі кезең ішінде ШҚО халқының саны 2794 адамға азайғанын атап өтті.

- Қала халқының үлесі 0,1 пайыз пунктіне артып, ауыл халқы 1,3%-ға кеміді. Ал, облыстағы гендерлік аспект тұрғысында өзара қатынас әйелдер санының басымдығымен қалыптасты. Ерлер саны 2023 жылғы 1 қаңтарда 349,5 мың адамды немесе 47,9%, әйелдер 380,7 мың адамды (52,1%) құрады, - дейді Ерназ Нұрланұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу