KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 0,8 м/с, СШ
478.89 528.74 5.29

«Рахман қайнарлары» шипажайы мемлекетке қашан қайтарылады?

6.08.2024, 11:55 122 Жанаргүл Мұқатай

Бұған дейін  өзге де туристік, өндірістік нысандарымен бірге «Бипэк Авто — Азия авто» компаниялар тобының жеке меншігіндегі «Рахман қайнарлары» шипажайына да сотпен тиым салынған болатын. Шығыстағы әйгілі шипажай келер жылы мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін.

 Баспасөз мәслихатында аталған компаниялар тобына кіретін кәсіпорын нысандарының  болашағы туралы айтқан  кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Марат Қабақов ерте ме, кеш пе олардың жұмыс істейтіндігін, келер жылы «Рахман қайнарлары» курортының мемлекет меншігіне өтуі мүмкін екенін айтты,- деп хабарлайды Altainews kz.тілшісі.

—Зауыттың өзі мен мүлкіне қатысты сот поцестерінің қандай сатыда екенін нақты білмеймін. Дегенмен, мемлекет бұл нысандардың жойылуына жол бермейді. Барлық заңдылық мәселелері шешілгеннен кейін өз бағыттары бойынша жұмыс істейтін болады, оған уақыт керек. Қазіргі күні «Бипэк Авто — Азия Авто» ның барлық мүліктеріне тиым салынған, ғимараттар мен туристік нысандарды, өзге де мүліктерді бағалау ресімдері өткен соң мүліктер аукцион арқылы сатылмақ, бірақ әзірге нақты қадам жоқ. «Рахман қайнарлары» мемлекеттік санаторий болуы мүмкін. Мемлекетке өткізе салып, ол жерден санаторий аша салу өте күрделі мәселе. Заңдылық мәселелерді шешуге сот процедураларына уақыт керек, қазір жұмыстар басталды. Барлық тиісті шаралар атқарылған соң санаторидің біздің басқарманың балансына өткізілуі мүмкін, одан соң ол республикалық ұйым болады, -деді басқарма басшысының орынбасары.

Оның айтуынша,  бұл рәсімдер келер жылы аяқталуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив