KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

"Рахман" турист қабылдамайды, "Нұртау" да жабылуы мүмкін

26.05.2021, 16:46 310

Әлеуметтік желіде «Нұртау» демалыс базасының да жабылатыны туралы қауесет тарай бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

"Нұртау" демалыс базасы мен "Рахман қайнарлары" шипажайы "БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО" компаниялар тобына тиесілі екені белгілі. Осы айдан бастап әлеуметтік желілерде кәсіпорында пайда болған келеңсіз жағдайларға байланысты аталған нысандардың жабылатыны туралы қауесет тарай бастаған. "БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО" компаниялар тобының әлеуметтік желідегі аккаунттарында да, сайттарында да бұл ақпаратты растайтын жазба болмағанымен, «Рахман қайнарлары» шипажайының парақшасында нысанның жұмысы тоқтайтыны туралы хабарландыру пайда болды.

«Нұртау» тау-шаңғы курортының парақшасында да ешқандай ресми ақпарат жоқ. Бірақ Өскемендегі турфирмалардың бірі төмендегідей жазба қалдырған:

-           "Нұртау" демалыс орнының жабылуына байланысты 28 мамыр күнін қоштасу кешін кешкі алау жанында өткізуді ұсынамыз, - деп жазған. 

ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басышы Марат Қабақовтың айтуынша, меншік мекеме болғандықтан ол жақтан әлі ресми түрде ақпарат берілмеген.

-           «Рахман қайнарлары» 23 мамыр күні соңғы рет туристерді қабылдады. 31 мамыр күні толық жабылатын болады. «Рахман қайнарлары» мен «Нұртау» бір кешен. Олар жеке меншік мекеме болғандықтан бізге ресми түрде ақпарат әлі берілген жоқ. Мүмкін ол демалыс орындары сатылып, инвестор пайда болған соң қайта ашылады деген ойдамын. Әзірге олардың қандай жоспарлары бар екенін ешкім білмейді, - деді басқарма басшысы. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу