KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

БИПЭК АВТО мәселесі: Жол картасына қол қойылды

13.01.2021, 10:59 195

ШҚО әкімі Даниал Ахметов "БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО" Компаниялар тобының автозауытының құрылыс алаңында болып қайтты. 
Мұнда автомобильдің кемінде бір моделінің шанағын дәнекерлеу, бояу және құрастыруға бағытталған өндірістік қуаттарды пайдалануға беруге міндеттелген. 

- "БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО" Компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Михайлович Балушкин бүгінде өздеріне қабылдаған міндеттемелерді орындауға мүдделі екенін атап өтті. Ғимаратты салу, технологиялық жабдықты сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деп жазды Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 


Айта кетейік, облыс басшысы компания басшылығымен осыған дейін де бірнеше рет кездескен. Қалыптасқан жағдайды реттеу үшін кәсіпорын ұсыныстарының негізінде облыс әкімдігі мен ҚР ИжИДМ арасында көлік құрастыру кәсіпорындарының проблемалық мәселелерін шешу бойынша Жол картасына қол қойылды.

- Сондай-ақ, кездесу барысында үкіметтік деңгейде қаралатын шаралар мен ұсыныстар талқыланды, - деп қосты облыс әкімі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив