KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
485.11 523.82 5.02

Аltainews Медиа Орталығы ақпарат берудің жаңа түрлерін ұсынды

12.08.2024, 17:28 484 Қуаныш Рахметоллаұлы

Бүгін “Аltainews-Медиа орталығы” өңірдегі  бұқаралық ақпарат құралдарындағы қызмет ететін  әріптестердің басын қосып, медиа орталықтағы соңғы жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Компания 2008 жылы құрылған. Бұған дейін ол "Шығыс ақпарат" ЖШС атауын алып, екі тілді облыстық және аудандық газеттерді, жаңалықтар сайтын, сондай-ақ баспахананы біріктірген болатын.

Медиасфера-қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі екенін ескерсек, қарқынды даму және көштен қалмау үшін өзгерістер мен жаңа тәсілдерден қорықпау керек. Өткен жылы компанияда үлкен өзгерістер орын алып, жаңа деңгейге көтерілуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда Aitainews-өңір мен Қазақстандағы  оқиғаларды 24/7, тәулік бойы Шығыс Қазақстан мен ел тұрғындарына өзекті және шынайы ақпарат беретін заманауи медиа-ресурсқа айналды.  Соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған жаңа студияда бағдарламаларды, жаңалықтарды, подкасттар патша көңілді көрермен қауымға жол тартуда. Жақында онлайн-радио іске қосу жоспарланып отыр. "Қазцинк" ірі тау - кен металлургиялық компаниясының қолдауымен аудио және бейнетрансляцияға қажетті жабдықтар сатып алынды.

Ыңғайлы болу үшін әмбебап мобильді қосымша әзірленуде, оның іске қосылуымен  ақпарат одан да қолжетімді болмақ.

- “Компания өзгеруде, жұмыстың жаңа форматына көшуде. Интернеттің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану, радио мен телевизияның  элементтерін енгізу қажет. Біздің ақпарат беру тәсілімізде қатаң шектеулер жоқ. Егер біз бәсекеге қабілетті болып қалғымыз келсе, мұның бәрі қажет”, - деп атап өтті медиа орталықтың бас директоры Арсений Дюсенов.

Ауқымды жобаларды, алдыға қойған жоспарларды жүзеге асыруға медиа орталықта қызмет ететін журналистер, фото - және бейнеоператорлар, контент-редакторлардың кәсіби тобы қалыптасқан. Олардың барлығы жігерлі, креативті, өз ісін жақсы білетін білікті мамандар. Altainews медиа орталығында қонақта болған әріптестеріміз атқарылып жатқан жұмыстарға зор бағасын беріп, шығармашылық табыс тіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив