«Шығыс Ақпарат» медиа-холдингіне жаңа басшы тағайындалды
ШҚО-дағы басты ақпараттық ұйым «Шығыс Ақпарат» ЖШС-не жаңа басшы болып белгілі тілші Нұрбек Бекен тағайындалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Шығыс Ақпарат» холдингіне облыстық «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттері, «Алтайньюс» жаңалықтар порталы, бірнеше аудандық газет, танымдық және ғылыми журналдар, SMM-Коммуникациялық қызметі кіреді.
Бұған дейін ақпараттық ұйымды Серік Жеңісов басқарған болатын.
Нұрбек Бекен Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Жетіарал ауылында дүниеге келген.
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2003 жылы жергілікті телеарнадан диктор ретінде бастаған. Бұдан кейін республикалық «Хабар» телеарнасының Қытай Халық Республикасындағы меншікті тілшісі болады.
2008 жылы оның оқиға орнынан түсірілген репортаждары «Шабыт» Халықаралық фестивалінде үздік деп танылып, ҚР Президенті Кубогының иегері атанған.