Instagram-да заңсыз лотереяларды ұйымдастырушылар жауапқа тартылады
pixabay.com
Заңсыз онлайн құмар ойындар әлі де қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі.
ҚР ҚМА заңсыз онлайн құмар ойындарға және лудоманияға қарсы күрес жүргізуде, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Мәселен, өткен жылы ҚМА Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, TikTok-та жаппай карта ойындарын ұйымдастырудың алдын алды. 300-ден астам ұйымдастырушы аккаунты анықталып, құқыққа қайшы контенттің эфирін жедел түрде бұғаттауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект енгізді.
Қазіргі уақытта Instagram-дағы заңсыз лотереяларды ұйымдастырушыларға қарсы жұмыс жүргізілуде. Агенттік жұмысы осы әрекеттерге қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тартуға қатаң бағытталған.
Бұл мәселе бойынша ҚМА, туризм және спорт министрлігі және Ұлттық банк бірлесіп жұмыс істеп, заңсыз ақша аударымдарын анықтап, бұғаттауды жүзеге асырады.