132 мың қазақстандық өзін құмар ойыннан шектеуге өтініш білдірген
pixabay.com
Қазақстанда 132 мың адам eGov mobile арқылы өзін құмар ойындардан шектеу қызметін пайдаланыпты.
Онлайн қызметке дейін тізімде тек 3 мыңнан астам адам болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі ақпаратына сүйеніп.
18 наурыздан бастап пилоттық режимде азаматтарды құмар ойындардан және бәс тігуден 6 айдан бір жылға дейінгі мерзімге өз бетінше шектеуге мүмкіндік беретін онлайн-қызмет жұмыс істейді.
26 маусымда 130 мыңнан астам адам eGov mobile арқылы өзін құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуды шектеді, - деп хабарлады министрлік. - Онлайн қызмет іске қосылғанға дейін тізімде 3 мыңнан астам адам болған.
Ескере кеткен жөн, шектеу тек лицензиясы бар заңды ойын компанияларына қолданылады. Сондай-ақ, заңсыз интернет-казинолар мен букмекерлік кеңселерге шектеу қойылмайды.
Оқи отырыңыз
Елімізде 7 мыңнан астам адам өздерін құмар ойындардан шектедіШҚО-да алимент төлемеген азаматтар құмар ойынға 100 млн теңге ақша салған22 мың жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырды - ШҚОAMANAT 25 жасқа толмаған адамдардың құмар ойын ойнауына тыйым салуды ұсынадыЕлімізде бәс тігу жасы 21-ден 25 жасқа дейін көтеріледі