KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

TikTok-та құмар ойындардың онлайн трансляциясы белең алды

Фото: egemen.kz

31.08.2023, 17:35 207

Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр.

2019 жылдан бастап заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері бойынша өндірісте 1 148 іс болды, оның ішінде 849 адамға қатысты 940 іс аяқталды, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде соңғы 5 жылда тіркелген істер санының 5,5 есеге төмендеуі байқалады.

Жыл сайын анықталатын заңсыз ойын терминалдарының саны 16 есе – 1260-тан 76-ға дейін азайды.

Бұл ретте заңсыз ойын терминалдары бойынша қылмыстық істердің саны 2019 жылғы 208-ден ағымдағы жылғы 28-ге дейін, яғни 7 есе азайды.

Сонымен қатар үй-жайларды жалға берушілерді жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Астыртын казино қызметін тоқтатуға бағытталған жұмыс шеңберінде анықталған құқық бұзушылықтар санын 2019 жылғы 35-тен а. ж. 12-ге дейін, яғни 3 есеге азайтуға мүмкіндік туды.

Сонымен қатар заңды букмекерлік кеңселер атын жамылған, заңсыз ойын сайттарының 4 фактісі (2022 жылы – 2, биыл – 2) анықталды.

Алаяқтар белгілі букмекерлік кеңселердің атауларын (домендерін) қосымша аббревиатуралар қосу арқылы өзгерткен.

Атап айтқанда, белгілі букмекерлік кеңсенің атымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша тергеу басталды.

Биыл «TikTok» желісінде құмар ойындардың онлайн трансляциясы жиілеген. Айта кетейік, қатысушылардың басым көпшілігі кәмелетке толмағандар.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде ұйымдастырушылардың 177 аккаунты анықталды. Ойыншылардың күнделікті саны мыңдаған адамды құрайды.

10 ұйымдастырушыға қатысты 5 қылмыстық іс қозғалды, оның 3-і бойынша үкім шықты (қалған істердің тергеуі жалғасып жатыр).

4 адамға бас бостандығынан айырудың нақты мерзімі (4 жылдан) және 2 адамға бас бостандығын шектеу (1,5 жылдан) белгіленді.

Ақпарат комитеті және желі иесімен бірлесіп, «TikTok» платформасының жасанды интеллектісінің жұмысы жолға қойылды, бұл заңсыз контент эфирін жедел бұғаттауға мүмкіндік береді.

Құмар ойындарды тарататын жаңа аккаунттар қысқа мерзімде автоматты түрде бұғатталады.

Алдын алу шаралары шеңберінде Агенттік IT-құралдарды пайдалана отырып, интернет-кеңістікте (жаңалықтар порталдары, блогтар, сайттар және әлеуметтік желілердің аккаунттары) құқыққа қайшы мазмұнды ақпаратты іздеуді жүзеге асырып жатыр.

2022 жылы 5,5 мың онлайн-казино сайттары мен аккаунттары, биыл 2 мыңнан аса сайт бұғатталды.

Агенттік ақпарат комитетімен (АҚДМ) және ҰҚК МТҚ-мен бірлесіп онлайн-казиноның «көшірме» сайттарын (жаңадан құрылатын) жедел бұғаттау туралы шешім қабылдады, «Кибербақылау» жүйесіндегі сайттарды бұғаттау алгоритмі 14 тәуліктен 1 күнге дейін жеңілдетілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу