KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Әлеуметтік желілердегі заңсыз лотереялармен күрес басталды

Фото: depositphotos.com

18.07.2024, 17:21 124 Ержан Әбіш

Бұл жайлы Орталық коммуниакациялар қызметінде өткен брифинг барысында Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Заңда 8 кодекс пен 14 заңға 150 түзету енгізілді. Ойын бизнесі туралы заң қабылданғаннан бері 17 жыл ішінде оған мұндай ауқымды өзгерістер болмаған.

– Заң халықтың сауаттылығын арттыру, жарнаманы шектеу, сапалы медициналық көмек көрсету, мемлекеттік бақылауды күшейту арқылы лудомания проблемасын шешуге бағытталған. Заңда букмекер кеңселерін, спорттық құрал-жабдықтар мен спортшылардың киімін қоспағанда, букмекерлердің сыртқы жарнамасына тыйым салынған. Борышкерлерді, 21 жасқа толмаған адамдарды және өзін құмар ойындардан шектегендерді ойынға жібергені үшін лицензиясын тоқтатып, 1-ден 3,7 миллион теңгеге дейінгі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Қазақстанда алғаш рет Instagram және TikTok желісінде заңсыз лотереялармен күрес басталды. Заң бойынша лотерея операторлары мен олардың агенттеріне ғана лотерея өткізуге құқылы, – деді Мирас Төлебаев.

Айта кетейік, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілерге де енді құмар ойындарға қатысуға тыйым салынады. Бұл тыйым сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың бір бөлігі ретінде енгізілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу