KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Елімізде 7 мыңнан астам адам өздерін құмар ойындардан шектеді

Фото: gov.kz

3.04.2024, 15:03 160 Ержан Әбіш

Осы жылдың 18 наурызынан бастап еліміздің азаматтарын құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан өз бетінше шектеу жөнінде онлайн қызмет пилоттық режимде іске қосылған болатын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Туризм және спорт министрінің хабарлауынша, осы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «eGov mobile» мобильдік қосымшасы арқылы қызметті 7 мыңнан астам азамат пайдаланған.

– Онлайн форматтағы жаңа қызмет қағаз нұсқадағы жазбаша өтінішке қарағанда өтініштерді өңдеу мерзімін едәуір қысқартады және құмар ойындарға қатысудан өзін-өзі шектеу рәсімін жеңілдетеді. Бұл азаматқа барлық лицензияланған ойын мекемелері мен букмекерлік кеңселердің заңды сайттарына кіруге лезде тосқауыл қоюға мүмкіндік береді, – деді Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев.

Әлеуетті өтініш берушілердің назарын құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын өз бетінше бас тартқысы келетін тұлғалар өтінішті дербес ЭЦҚ пайдалана отырып, өздігімен беруге тиіс. Өтінішті үшінші тұлғалар бере алмайды.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін Туризм және спорт министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп егжей-тегжейлі бейне нұсқаулық әзірледі, ол «eGov mobile» мобильді қосымшасында және Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолжетімді: https://youtube.com/shorts/WOXrhFSNS00?feature=shared

Цифрлық сервиспен қатар ҚР азаматтары үшін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан өзін-өзі шектеу туралы жазбаша өтінішті (қағаз формада) ойын бизнесін ұйымдастырушылар арқылы беру мүмкіндігі сақталады.

Қағаз форматында құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан 3 мыңнан астам адам өздерін шектеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу