Қазақстан құрамасы – жамбы нысанасы бойынша садақ атудан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері
Дәстүрлі садақ атудан командалық сайыста Қазақстан командасы күміс жүлдеге ие болды. Қазақстандық садақшылар финалда Аустралия командасымен бәсекеге түсті. Жарыс қорытындысы Аустралия алтын жүлдеге ие болса, қазақстандық садақшылар екінші орын алды. Ұлттық құрама сапында Шығысқазақстандық мерген қыз, Ажар Төлеуқанова өнер көрсетіп, күміске қол жеткізген жерлесімізбен тілдесіп көрдік.
“Атыраудан шығысқа дейін команда жинақталып, Қазақстан құрмасының дүниежүзілік көшпенділер ойындарында елдің намысын қорғадық. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Финалға дейін сүрінбей келдік. Бірақ Аустралия құрамасы жақсы нәтиже көрсетіп, жеңіске ие болды” - деді Ажар Төлеуқанова.
Айта кетейік командалық сайысқа 16 елдің құрамасы қатысқан болатын.
Оқи отырыңыз
Жерлесіміз Ажар Төлеуқанова садақ атудан ДКО бақ сынамақАрқан тартыстан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында күміс жүлдеге ие болдыV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан медальдар кестесінде көш бастап тұрҚазақстандық садақшылар Париж Олимпиадасында бақ сынайдыКөшпенділер ойындары: Шығыс спортшылары қандай сайыс бойынша сынға түседі?