KZ
Өскемен
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.42 531.39 5.04

Көшпенділер ойындары: Шығыс спортшылары қандай сайыс бойынша сынға түседі?

10.09.2024, 15:01 98 Қуаныш Рахметоллаұлы

Шығыс Қазақстаннан 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арқан тартыс, дәстүрлі садақ ату, Таяқ тарту және Ат жарысы (жорға) сияқты 4 спорт түрінен спортшылар аттанды.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстандықтар мас-күрестен (Тахмина Қожамбердиева - қола медаль) және "Пута" нысаналы садақ атудан (ерлер - 70 метр, әйелдер - 60 метр) жарыстарға қатысты. Бүгін ШҚО - нан келген садақшы Ажар Төлеуханова "қалқан" қашықтығында өнер көрсетті, онда ерлер 60 метрден, әйелдер 50 метрден атуда. Өкінішке орай финалға жолдамаға сәл жетпей қалды.  Кеше Ажар қажет 30 ұпайдың 29-н , бүгін 23-тен 20 ұпай жинады.

- Біздің құрамадан төрт ер адам мен екі қыз өтті. Біз  өте қуаныштымыз. Финалда көреміз деген үмітіміз бар. Ал, ертең бізді "Жамбы" атудан бақ сынайтын боламыз.  Бар күшімізді салып, жанкүйерлерді қуантқымыз келеді,- деді Ажар Төлеуханова.

Спортшы үшін бұл төртінші халықаралық жарыс. Бірақ ол атап өткендей, көшпенділер ойындары оның тәжірибесінде ең жауапты және маңызды бәсеке.. Турнирге дайындық алты айға созылды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен үздік төрт садақшы таңдалды.

Дәстүрлі садақ атуға барлығы 180 спортшы қатысады: 60 әйел және 120 ер адам. Кеше Қазақстанның қоржыны дәстүрлі садақ атудан бір алтын және екі күміс медальмен толықты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив