KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
480.63 535.13 5.27

Арқан тартыстан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында күміс жүлдеге ие болды

11.09.2024, 20:00 52 Анель Слямғазықызы

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрама командасы арқан тарту сайысында күміс жүлдеге қол жеткізді. Жартылай финалда жоғары шеберлік көрсетіп, шешуші кезеңге шыққан қазақстандықтар ақтық сында Ресей құрамасымен кездесіп, 2:1 есебімен есе жіберді. 

Ойын өте тартысты әрі қызықты өтті. Алғашқы кезеңде Қазақстан командасы қарсыластарынан басым түсіп, жеңіске жетті. Алайда келесі екі кезеңде Ресей құрамасы тактикалық шеберлігін көрсетіп, жеңісті өз пайдасына шешті. 

Қазақстан құрамасының бұл жетістігі үлкен маңызға ие, себебі арқан тарту спорты күш пен бірлік талап ететін, дәстүрлі ойындардың бірі саналады. Күміс медаль – команда үшін үлкен мәртебе әрі болашақ жарыстарға ынта-жігер беретін нәтиже.

Ұлттық құраманың сапында 12 спортшы бар.  Олардың барлығы дерлік Шығыс Қазақстан облысынан. 

Айта кетейік V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында «Алау» мұз айдынында өтіп жатқан арқан тартыс бәсекесінде Қазақстан қыздар құрамасы да, финалда  Ресей құрамасынан 2:0 есебімен жеңіліс тауып, күміс медальды қанағат тұтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив