KZ
Өскемен
-17°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
505.71 591.43 6.65

Өскеменде бірқатар апатты жағдай тіркелді

19.01.2026, 10:30 91 Базарова Айгүл

Демалыс күндері Өскемен қаласының бірнеше аумағында су және электрмен жабдықтауға қатысты техникалық ақаулар тіркелді. Мәселелерді жою жұмыстарына тиісті қызметтер жедел кірісті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 18 қаңтар күні түнде Карбышев және Виноградов көшелерінде суық су беру уақытша тоқтатылды.

Кейінірек Мирный кентінде де көпқабатты және жеке үйлер, сондай-ақ мектеп сусыз қалды. Тұрғындарға ауыз су жеткізу қызметі ұйымдастырылды. Геологиялық көшесіндегі үйлердің бірінде жертөледегі жабдық жедел ауыстырылып, су беру қалпына келтірілді.

Бұдан бөлек, Меновное кенті мен Колхозная көшесінде электр энергиясының уақытша ажыратылып, артынша қайта берілді.

Әкімдік ақпаратына сәйкес, жылумен жабдықтау жүйесінде ақау тіркелген жоқ, үйлерге жылу қалыпты режимде жеткізілді.

Қалалық қызметтер коммуналдық желілердің жұмысын бақылауда ұстап отыр.



Елизавета Седых 

Фото: Өскемен әкімдігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу