Жаңа Бұқтырмада электр желісіндегі ақауды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын
Жаңа Бұқтырма кентінде электр желісінде ақаулық орын алып, соның салдарынан бірнеше үй мен мектеп, балабақша ғимараттары уақытша жарықсыз қалды. Қазір электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
Алтай ауданы әкімдігінің мәліметінше, Біріккен энергетикалық сервис компаниясының бригадасы жөндеу жұмыстарын жедел жүзеге асыруда. Мамандар оқиға орнына аттанып, ақау орнын анықтап үлгерді. Жұмыс тобы қалпына келтіру жұмыстарын жедел бастап кетті.
Осы себептен 17 көпқабатты үйдің тұрғындары уақытша жарықсыз отыр. Мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Айта кету керек, қазандық қазір қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, температура мен қысым көрсеткіштері де нормаға сай.