ШҚО-да жылыту маусымы апатсыз өтті
![](/kz/uploads/posts/2024-05/img_2989.webp)
Шығыс Қазақстанда 2023-2024 жылғы жылыту маусымы штаттық режимде өтті. Тұтынушыларға жылу бекітілген температуралық кестелерге сай берілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Жылыту маусымы барысында облыста 309 технологиялық бұзушылық тіркелді, бұл алдағы жылмен салыстырғанда 21 жағдайға аз. Электрмен жабдықтау желілерінде – 286, сумен жабдықтау желілерінде – 18, жылумен жабдықтау желілерінде бес жағдай болды, – деді облыс әкімдігінің мәжілісінде есеп берген энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.
Қыс бойы жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысы тұрақты бақыланды. Коммуналдық қызметтер технологиялық бұзушылықтарды жедел жөндеп отырды.
Оқи отырыңыз