KZ
Өскемен
-17°
туман жел 1 м/с, С
498.65 589.06 6.49

Ақпанның алғашқы күні Шығыс Қазақстанда қалың тұман түседі

1.02.2026, 09:00 135 Базарова Айгүл

«Қазгидромет» деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 1 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталық бөлігінде тұман күтіледі. Өскемен қаласында түнгі және таңғы сағаттарда қалың тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz.

Ауа температурасы түнде –15…–20 градус, күндіз –8…–13 градус шамасында болады деп болжануда.

Желдің жылдамдығы 9–14 м/с, кей жерлерде екпіні күшеюі ықтимал.

Осыған байланысты ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті автомобиль жүргізушілеріне жол қозғалысы кезінде ерекше сақ болып, жылдамдық режимін сақтау қажеттігін ескертеді. Жаяу жүргіншілерге жарақат алу қаупін азайту үшін сақтық шараларын қатаң ұстану қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне хабарласу сұралады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу